Қытайда бір дәрінің коронавирусқа қарсы әсері тиімді екені айтылды

0
1 243

Қытай Ұлттық биотехнология зерттеу орталығының төрағасы Ганг баспасөз брифингінде, Шензен қаласында коронавирус жұғып ауырған 80 кісіге клиникалық сынақ жүргізілгенін мәлімдеген.


Қытайда бір дәрінің коронавирусқа қарсы әсері тиімді екені айтылды

ERNUR.KZ. Қытайда бір дәрінің коронавирусқа қарсы пайдасы айтылды - TRT Қытайдағы клиникалық сынақтар «Favipiravir» атты бір дәрінің коронавирустың жаңа түріне қарсы емдеуде ықпалды екенін көрсетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы Түркия Радио Телевизия порталы хабарлаған.

Аталған БАҚ-тың мәліметіне сүйенсек, Қытайдың CGTN арнасының хабарына қарағанда, Қытай Ұлттық биотехнология зерттеу орталығының төрағасы Ганг баспасөз брифингінде, Шензен қаласында коронавирус жұғып ауырған 80 кісіге клиникалық сынақ жүргізілгенін мәлімдеген. Ганг сынақта «Favipiravir» атты дәрінің жеңіл науқастар үшін сауығып кету мерзімін 11 күннен 4 күнге азайтқанын айтқан. Ол Ухань қаласында жүргізілген басқа бір клиникалық сынақта дәрінің жоғары температураны 4,2 күннен 2,5 күнге азайтқанын анықтағандарын, Ганг дәрінің маңызды жанама әсері байқалмағанын да қоса айтты. Гангтың айтуынша, Favipiravir дәрісі 2014 жылдан бері Жапония нарығында бар екен. Avigan немесе Favilavir деп те аталатын дәрі науқастарға қолданылды. Алайда жаңа типтегі коронавирус эпидемиясы бүкіл әлемге әсер етуде. Ем үшін дәрі жетілдіру жұмыстары да бар қарқынымен жалғасуда.

«Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымынан коронавирустан емдеу тақырыбында бір ескерту келді. Аурудың белгілері бар адамдардың дәрігермен кеңеспей ibuprofen ішпеуі керектігі айтылды. Оның орнына ауырғанға және жоғары температураға парацетамол түріндегі дәріні ішу кеңесі берілді» деп жазады Түркия Радио Телевизия порталы.

İbuprofen-мен бір топтағы дәрілер коронавируспен күресте ауруды асқындырып жібереді деп айтылды. Вирустан емдеуде әлі расталған нақты вакцина немесе дәрі жоқ.