Қытайда коронавирус науқастары үшін аурухана салынды

0
820

Қазір бұл аймақта пандемия қатты өршіп тұр. Індет жұқтыру дерегі 2 апта бұрын көбейе бастаған.


Қытайда коронавирус науқастары үшін аурухана салынды

ERNUR.KZ. Қытайдың солтүстік-шығысындағы Цзилинь провинциясында коронавирус науқастары үшін аурухана бой көтерді, деп жазады 24.kz.

Уақытша емдеу орталығы 1500 адамға арналған. Қазір бұл аймақта пандемия қатты өршіп тұр. Індет жұқтыру дерегі 2 апта бұрын көбейе бастаған.

Осының алдында билік провинция орталығы – Чанчунь қаласының тұрғындарын толық оқшаулаған болатын. Жақын күндері аймақтағы барлық адам бірнеше рет тестілеуден өтеді.

"Аурухана жұмысын ұйымдастыру үшін 40 адамнан тұратын басқарма құрылды. Бұдан басқа топта мыңға жуық жұмысшы бар. Қазір біз 3 бағытта қызу жұмыс істеп жатырмыз", - Дең Иуедоң, ұйымдастыру тобының мүшесі.