Өртті сөндіруді қатты жел қиындатып, бұл жалынның бақылаусыз таралуына себеп болып отыр.
ERNUR.KZ. Сенбі күні Нью-Йорк штатына қарасты Лонг-Айленд аралында орман өрті тұтанып, штат губернаторы Кэти Хокул табиғи апатқа байланысты төтенше жағдай жариялады, деп жазады kaz.inform.kz.
Associated Press-тің мәліметінше өрт сөндіру қызметтері төрт өрт ошағын тіркеді, олардың үшеуі толық сөндірілгенімен, Уэстхэмптон ауданындағы жалын әлі де толық бақылауға алынбаған.
Өртті сөндіруді қатты жел қиындатып, бұл жалынның бақылаусыз таралуына себеп болып отыр.
Қазіргі таңда өрттің жалпы аумағы туралы нақты дерек жоқ, алайда ошақтардың бірі Sunrise Highway тас жолы маңында үш шақырымға дейін созылған. Полиция өртке жақын орналасқан жол бөлігін жапты.
Жергілікті News 12 телеарнасының мәліметінше, өрт екі ғимаратты жойып жіберген. Сондай-ақ, бір өрт сөндіруші екінші дәрежелі күйік алып, ауруханаға жатқызылды