Медқызметкер түнгі ауысымы тыныш болуы үшін 9 науқасты өлтірген

0
399


Медқызметкер түнгі ауысымы тыныш болуы үшін 9 науқасты өлтірген

ERNUR.KZ Германияның Вюрзелен қаласындағы Rhein-Maas клиникасының 44 жастағы қызметкеріне 9 науқасты өлтіріп, тағы 34 адамды өлтіруге әрекет жасады деген айып тағылды, деп жазады Stan.kz.




Тергеу нұсқасына сәйкес, ол пациенттерге өлімге душар ететін мөлшерде дәрі-дәрмек еккен. Ол мұны түнгі ауысымы тыныш болуы үшін істеген.

Күдікті 2024 жылдың шілдесінде 11 адамды өлтіруге әрекеттенді деген күдікпен ұсталған. Алайда тергеу барысында оның әрекеттері бірқатар науқастардың өліміне себеп болғаны анықталған. 2025 жылдың ақпанында Ахен прокуратурасы оған бес кісі өлтіру және 25 адамды өлтіруге әрекет жасады деп айып таққан. Жақында айыптауға тағы төрт кісіні өлтіру және тоғыз кісіні өлтіруге әрекет жасау ісі қосылған.

Оның құрбандарының арасында тек үмітсіз ауыр халдегі паллиативті науқастар ғана емес, жағдайы жақсарып, ауруханадан шығуға дайындалып жатқан адамдар да болған. Ал аман қалған кейбір науқастар күдікті салған инъекциядан кейін артық дозаның ауыр салдарларына ұшыраған.

Қазір тергеу жалғасып жатыр. Соңғы үш жылда медқызметкер жұмыс істеген клиникадағы барлық өлім жағдайы қайта тексеріліп жатыр. Құрбандар саны әлдеқайда көп болуы мүмкін екені хабарланд