Қазір Альбер ІІ ауруханада.
ERNUR.KZ. Монако ханзадасы Альбер ІІ коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Хабар24.
«Қазір Альбер ІІ ауруханада. Хал жағдайы қалыпты, ол үкімет мүшелерімен үнемі байланыста», – делінген князьдіктің үкіметі таратқан мәлімдемеде.
Өз кезегінде ханзада князьдік тұрғындарына індетке қарсы қабылданып жатқан шараларға жауапкершілікпен қарап, оны сақтауға шақырды.