​Мұғалімдердің жұмысына шағымдану номерінің жұмысы тоқтатылды

0
1 294

Елімізде ең қасиетті мамандық мұғалімдік екенін атап өткім келеді.


​Мұғалімдердің жұмысына шағымдану номерінің жұмысы тоқтатылды

сурет: kazakhstan.act-global.com

ERNUR.KZ. Түркияда мұғалім болып қызметке кіру қиын. Елдегі мамандардың пікірі осындай. Сонда да тамырлас өлкеде әрбір 100 кісінің 25-і мұғалім болғысы келеді екен, деп жазады 24.kz.

Түрік елінің орта мектептерінде қазіргі таңда 1 миллионнан астам ұстаз жұмыс істейді. Тағы 1 миллионға жуығы мұғалім болуға үміткер. Олар мемлекеттік байқаудың жариялануын күтіп жүр. Бұл көп жылдар алуы мүмкін. Себебі бос орындардың саны 117 мың, 2018 жылғы статистикаға сәйкес, тағайындалған педагогтардың саны 20 мыңды ғана құрап отыр.

Болашақ жастардың, ал жастар мұғалімдердің қолында. Түрік халқы қасиетті мамандық иелеріне осындай көзқараспен құрмет көрсетеді. Жалпы түрік елінде мұғалімдер мемлекеттік және жекеменшік салада жұмыс істейді. Педагогика факультеттерін тамамдағандардың басым бөлігі таңдауы мемлекеттік оқу орындары. Өйткені олардың жеке меншіктегі әріптестеріне қарағанда әлеуметтік жағдайы әлдеқайда жоғары. Жалақысы екі есе артық. Алайда әрбір мұғалім елдің шығыс аймақтарында міндеттелген 3-6 жылдық қызметін атқаруы тиіс. «Шығыс аймағы қызметінен» кейін елдің басқа жерлеріндегі бос орындарға орналаса алады. Анкара қаласында жұмыс істейтін Фирдевс Билижи жекеменшік мектепті таңдаған. Оның айтуынша, қай салада да ұлттық құндылыққа сай білім беру маңызды.

Фирдевс Билижи, әлеуметтану пәнінің мұғалімі:

- Елімізде ең қасиетті мамандық мұғалімдік екенін атап өткім келеді. Түркияның тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік бізге мұра еткен білім жолында, оқушыларымызды ұлттық құндылықтарға сәйкес тәрбиелейміз. Мемлекеттік және жекеменшік оқу орындарымыздың басты мақсаты осы. Өзім жекеменшік мектепте әлеуметтану мұғалімі болып жұмыс істеймін. Мемлекеттік мектеп мұғалімдерінің мүмкіндігі мол. Алайда менің отбасым Анкарада болғандықтан Шығыс аймағына міндеттелген қызметке бармадым. Осы себепті жекеменшік саласын таңдауға тура келді.

Анадолы жерінде ұстаз мәртебесіне қатысты қабылданған нақты заң жобасы жоқ. Алайда 2018 жылдың соңғы ширегінде мұғалім мәртебесіне қатысты заң жобасын бекіту жөнінде ұсыныстар жасала бастады. Қазір қоғамда қызу талқылану үстінде. Мұны бастатқан кәсіподақ ұйымдарының пікірінше, заман талабына сай заңды қабылдау қажет. Себебі мұғалімдердің мәртебесі қоғам арасында әрқашан жоғары болуы тиіс. Түрік тілі пәнінің мұғалімі Мехтап Киши аталмыш заң жобасын қолдайтын педагогтардың қатарында.

Мехтап Киши, түрік тілі пәнінің мұғалімі:

- Мұғалімдерге деген құрмет бұрын да жоғары болатын. Қазірде бұл заман талабына сай емес. Менің ойымша, жалақы мен мамандық иелерінің әлеуметтік жағдайын көтеру қажет. 4 жыл бұрын қоғамдық көліктерде ақысыз жүре алатын едік. Мемлекет осыған ұқсас жеңілдіктерді жасаса, жағдайымыз әлдеқайда жақсы болатынына сенімім мол.

Бұдан бөлек ағымдағы жылда ұлттық білім министрлігінде қызмет көрсететін «мұғалімдерге шағымдану номерінің» жұмысы тоқтатылды. Мамандардың пікірінше, бұл қызмет теріс пайдаланылып, ұстаздардың беделін түсіріп келген. Айта кеткен жөн, елде әйел мұғалімдер зейнеткерлікке 20, ер кісілер болса 25 жыл еңбек өтілінен кейін шығады екен.