28 наурызда Мьянмада 7,9 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Фото: РИА
ERNUR.KZ. Мьянма премьер-министрі Мин Аун Хлайн жер сілкінісі салдарынан 1700-ден астам адамның қаза болуына байланысты республикада 31 наурыз бен 6 сәуір аралығында ұлттық аза тұту жариялады, деп жазады inform.kz.
— Адамдардың қаза болуына байланысты 31 наурыз бен 6 сәуір аралығындағы күндер республикалық деңгейде қаралы күндер болып жарияланды, — делінген жарлықта.
Еске сала кетсек, 28 наурызда Мьянмада 7,9 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1700-ге жетсе, зардап шеккендердің қатары 3400 болды.
Бангкок тұрғындары қатты жер сілкінісіне байланысты эвакуацияланды.
Таиланд премьер-министрі көршілес Мьянмада болған күшті жер сілкінісінен кейін Бангкокта төтенше жағдай жариялады.
Мьянмада жер сілкінісінен зардап шеккен өңірлерде төтенше жағдай енгізді.