4 адам қаза тауып, 6 адам ауыр жарақат алды.
фото: antikor.com.ua
ERNUR.KZ. Өрт жұма күні Санчхон округінің айналасында басталған. Елдімекен мен Сеулдің арасы 250 шақырым, деп жазады inbusinesss.kz.
Ресми мәліметке сүйенсек, елдің оңтүстік-басында 6 мың гектардан астам алқап жанып кетті. 4 адам қаза тауып, тағы 6 адам ауыр жарақат алды. Барлық қаза тапқандар Санчхон ауданынан табылған.
Жергілікті билік табиғи апатқа байланысты қауіпті өңірлерде төтенше жағдай жариялады.
Қызыл жалын кей елді мекенге жетіп, 1 жарым мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Өртті сөндіруге 9 мыңнан астам маман жұмылдырылып, 100-ден астам арнайы техника қолданылып жатыр.
Бірақ мамандардың айтуынша, бұған жел көп кедергі келтіріп отыр.