Отаға 50 мың доллар қажет: Бойжеткен үшінші омырауын көрсетіп жұртты шулатты

0
978

Қазір ол тиісті қаражат жиналуы үшін жұрттан қаржылай көмек сұрауда.


Отаға 50 мың доллар қажет: Бойжеткен үшінші омырауын көрсетіп жұртты шулатты

ERNUR.KZ. Жасанды муляж тағып жүрген америкалық әйел енді отаның көмегімен көптен күткен арманын жүзеге асырмақ, деп жазады stan.kz.

25 жастағы Жасмин Тридевил, шын есімі - Алиша Эсслер, 2014 жылдың өзінде пластикалық отаның көмегімен үшінші омырау жасатқаны туралы айтып, жұртты шулатқан болатын. Көптеген пластикалық хирург мұны жүзеге асыру мүмкін еместігін айтты. Кейін неміс журналисі арнайы құрал көмегімен оның муляж тағып жүргенін әшкереледі.

Тридевил осылайша өзінің ерекше сырт келбетінің арқасында жұртқа танылды. Ол үшінші омырауының ер адамдарға қатты ұнайтынын айтты. Америкалық әйел Флоридадан дәрігер тауып, енді ота жасатуды жоспарлап отыр.

Бұл процедура үшін ол 50 мың доллар төлейді. Алайда Жасмин өзінің психикалық денсаулығының дұрыс екендігі туралы анықтама әкелуге міндеттеледі. Қазір ол тиісті қаражат жиналуы үшін жұрттан қаржылай көмек сұрауда.