Өзбекстанда коронавирус төрт адамнан анықталды

0
592

Ыстамбұлдан Ташкентке ұшып келген әйелден коронавирус анықталды, оның ұлы мен қызының да талдау нәтижелері оң нәтижені көрсеткен.


Өзбекстанда коронавирус төрт адамнан анықталды

ERNUR.KZ. Жексенбі күнгі мәлімет бойынша, Өзбекстанда коронавирус төрт адамнан анықталды, деп жазады zakon.kz.

Жексенбіде республиканың Денсаулық сақтау министрлігі Франциядан оралған Өзбекстан азаматында коронавирус анықталғанын хабарлады. Кейін Денсаулық сақтау министрлігі оның әйел адам екенін нақтылады.

Оның алдында Өзбекстанда коронавирустың тағы үш жағдайы анықталған. Коронавирусты жұқтырған әйелдің ұлы мен қызынан да вирус табылды, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі. Олардың жасы көрсетілмеген.

Коронавирустың төртінші жағдайы Өзбекстан азаматшасында анықталды, ол 15 наурызда сағат 05: 15-те "Uzbekistan Airways" әуе компаниясының ұшағымен Ыстамбұлдан Ташкентке ұшып келді. Дәрігерлер мен мамандар белгіленген стандарттарға сәйкес емдеу-эпидемиологиялық зерттеулер жүргізеді. Аурудың таралуын болдырмау үшін алдын-алу шаралары жүргізілуде, делінген хабарламада.