Расталған жағдайлардың барлығы Ташкентте тіркелген.
ERNUR.KZ. Өзбекстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 2 жағдайы тіркелді, деп жазады ҚазАқпарат.
Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде елде коронавирус жұқтырғандар саны 15 адамға жетті.
Негізінен вирус жұқтырғандардың басым көпшілігі – COVID-19 диагнозы қойылған шетелден келген өзбек азаматтарының туыстары.
Расталған жағдайлардың барлығы Ташкентте тіркелген.
Еске сала кетейік, Өзбекстанда коронавирус жұқтырған алғашқы жағдай 15 наурызда Франциядан келген өзбек азаматынан анықталған.