Пәкістан шетелден көлік, телефон және косметика импорттауға тыйым салды

0
749

Пәкістанның ақпарат министрі Мариум Аурангзеб сәнді тауарларға тыйым салу валюта қорын сақтауға көмектесетінін мәлімдеді.


Пәкістан шетелден көлік, телефон және косметика импорттауға тыйым салды

ERNUR.KZ. Бұл шара валюта қорын сақтап қалуға мүмкіндік береді, деп жазады ҚазАқпарат.

Төтенше экономикалық жағдайға байланысты Пәкістан үкіметі аса қажетті тауарларға жатпайтын сәнді заттарды импорттауға тыйым салды.

Тыйым салынған тауарлардың ішінде автомобиль, ұялы телефон, тұрмыстық техника және косметика бар.

Бұған жанармай, жейтін май мен бұршақ дақылдары кірмейді.

Пәкістанның ақпарат министрі Мариум Аурангзеб сәнді тауарларға тыйым салу валюта қорын сақтауға көмектесетінін мәлімдеді.

Валюта резерві ақпан-мамыр аралығында $16,3-тен $10 млрд-қа дейін қысқарған.

Сонымен қатар, осының арқасында үкімет жыл сайын $6 млрд-қа дейін қаражат үнемдеуді жоспарлап отыр.

Кейбір болжамдарға сәйкес, биыл Пәкістанның бюджет тапшылығы шамамен $17 млрд құраған немесе ЖІӨ-нің 4,5%-дан асады.