Пәкістанда Рамазан айындағы тегін тамақ тарататын орындарда қаза тапқандар саны 16 адамға жетті.
ERNUR.KZ. Олардың көбі аласапыран кезінде аяқ астында тапталып мерт болған. Қайырымдылық ұйымдарының дерегінше, биылғы қасиетті айда тегін азық-түлікке мұқтаждар 50 пайызға көбейген. Бұған ауыр экономикалық дағдарыс пен қымбатшылық себеп болды, деп жазады qazaqstan.tv.
Наурыз айында елдегі инфляция деңгейі 47-50 пайызға өсті. Бағаның көтерілуіне ең алдымен ұлттық валютаның әлсіреуі мен энергетикалық тарифтердің жоғарылауы әсер еткен.
"Мен қымбатшылық пен жоғары инфляцияға байланысты азық-түлік сатып ала алмаймын. Сондықтан осында оразамды ашу үшін келемін. Және де бұл жерден отбасыма да тамақ апарып беремін."Мұхаммед Наим, тұрғын