Пәктігін сатылымға қойған қыздың "тауары" 2 млн еуроға бағаланды

0
1 798

Үй алу үшін пәктігін саудаға салған.


Пәктігін сатылымға қойған қыздың

ERNUR.KZ. Өзінің пәктігін сатылымға қойған әзірбайжандық модель Махбуба Мамедзаде сатып алушы азаматты тапты. Бойжеткеннің пәктігін токиолық саясаткер 2 миллион еуроға бағалаған, деп жазады nur.kz.

Модель тапқан қаражатына үй сатып алмақшы. Ол тіпті анасын алып, АҚШ-қа көшуді де жоспарлап қойған.

"Анам екеуміз үй сатып алу үшін осы қадамға бардым. Осы уақытқа дейін анам мен үшін барын салды. Енді менің кезегім. Анамның менімен мақтанғанын қалаймын", - дейді Махбуба.

Айта кетейік, Махбубаның пәктігін аты-жөні белгісіз Токионың саясаткері сатып алмақ.

Ал модельге қымбат баға ұсынғандар арасында лондондық заңгер мен мюнхендік футболшы да бар.

Журналистердің мәліметінше, Махбубе мен ер адамның кездесуі Германияда өтеді.