Ресейде коронавирус арқылы кәсібін дөңгелеткісі келетіндер табылды

0
751

Бірі аурудан қорғайтын жанат жануарын сатамын десе, екінші бірі құнын төлесе қауіпсіз аймақта орналасқан үйді жалға беруге дайын екен.


Ресейде коронавирус арқылы кәсібін дөңгелеткісі келетіндер табылды

ERNUR.KZ. Індеттің кесірінен әлемде миллиардерлер қыруар ақшадан қағылып жатқанда, Ресейде қалыптасқан жағдайды өз пайдасына шешіп, қалтасын қампитып алғысы келетіндер табылды, деп хабарлайды Хабар24.

Mash телеграм-каналы жер жаһанға төнген қауіп алдында адамдардың әлсіздігін ұтымды пайдаланып кеткісі келетіндердің интернет бетінде жариялаған хабарландыруларын ұсынды.

Бірі аурудан қорғайтын жанат жануарын сатамын десе, екінші бірі құнын төлесе қауіпсіз аймақта орналасқан үйді жалға беруге дайын екен. Ал үшіншілері вирус жете қоймаған елге саяхат ұйымдастыратынын жазған.

Жанаттың бағасы 50 мың рубль. Аты, Кокос. Хабарландыру авторы ол сенің дерттен қорғайтын бойтұмарың болады деп сендіреді.

Ал Абхазияға саяхаттап бару нарқы 500 рубльдей екен. Әр бұрышы жіті зарарсыздандырылған бөлмені жалға алу құны 25 мың рубль. Мұндай арзан жайды қала орталығынан да табуға болады.

Үйіңізге жұқпалы дерт жоламасын десеңіз, бағасы 500 рубль тұратын еден жуатын құрал сатып алуды кеңес еткен пысықайлар да бар болып шықты.