Ресейдің Түмен және Қорған облыстарында төтенше жағдай режимі жарияланды.
ERNUR.KZ. "Росгидрометтің" мәліметінше, Тобыл өзенінің деңгейі 11 метрге дейін көтеріліп, 62 елді мекен мен Қорған қаласына тасқын қаупі төніп тұр. Түмендегі жағдай әзірге бақылауда болғанымен, қауіп күшейеді деген болжам айтылып отыр, деп жазады zakon.kz.
Соңғы күндері Ресейдің 39 аймағында 10400-ден астам үйді су басты.
Ең қиын жағдай Орынбор облысында. Орск қаласында жұма күні дамба құлап, 4 мыңға жуық үй судың ортасында қалды.
Ресей үкіметінің дерегінше, су апатынан келген шығын қазірдің өзінде 21 миллиард рубльге жеткен.