​Ресейлік АвтоВАЗ 23 мың көлікті кері қайтарып алып жатыр

0
122

Авто ВАЗ кері қайтарып алу бағдарламасына жататын автокөліктердің иелерін хабардар етіп отыр.


​Ресейлік АвтоВАЗ 23 мың көлікті кері қайтарып алып жатыр

Фото: Раиса Ибрагимова/ ТАСС

ERNUR.KZ. АвтоВАЗ қосымша жабдықты орнату үшін көліктерін жаппай кері қайтарып жатыр, деп жазады inform.kz.

Ведомствоның мәлімдеуінше, 14 мыңнан астам Lada Travel көлігі жедел қызметті шақыру жүйесін басқару блогының болмауына байланысты кері қайтару науқанына жатқызылған.

— Кері қайтарып алу 2021 жылдың қазаны мен 2023 жылдың қарашасы аралығында сатылған 14 024 Lada Travel көлігін қамтиды, қосымшаға сәйкес VIN кодтары бар. Көліктерді кері қайтаруға жедел шақыру жүйесін (SVEOS) басқару блогының жоқтығы себеп болып отыр, — делінген хабарламада.
Бұдан басқа, АвтоВАЗ шұғыл шақыру жүйесін басқару блогы мен қауіпсіздік жастықшасы жүйелерін басқару блогының жоқтығына байланысты 9 мыңға жуық Lada Legend көлігін кері қайтарып алғанын хабарлады.
— Қосымшаға сәйкес VIN кодтары бар, 2021 жылдың 31 қазаны мен 2024 жылдың 2 мамыры аралығында сатылған 8 912 Lada Legend көлігі кері қайтарып алуға жатады. Көліктерді кері қайтару себебі: «ЭРА-ГЛОНАСС» апаттық әрекет ету жүйесін басқару блогының және қауіпсіздік жастықшасы жүйесін басқару блогының болмауы, — деп хабарлады Росстандарт.
АвтоВАЗ кері қайтарып алу бағдарламасына жататын автокөліктердің иелерін хабардар етіп отыр.
Иелері сондай-ақ уәкілетті дилердің хабарламасын күтпестен, Росстандарт сайтында өздерінің көлігінің VIN-кодын осы кері қайтарып алу бағдарламасы аясындағы автомобильдер тізімімен салыстыру арқылы өз көлігінің кері шақыруға жататын-болмайтынын анықтай алады.
Барлық жұмыстар тегін жүргізіледі.