​Шереметьево әуежайында екі ұшақ соқтығысты

0
163

Әуе компанияның мәліметінше, техникалық қызмет мамандары ұшақты тексеріп жатыр.


​Шереметьево әуежайында екі ұшақ соқтығысты

Фото: Анадолы

ERNUR.KZ. Мәскеудің Шереметьево әуежайынан Санкт-Петербургке аттануға дайындалып тұрған «Россия» әуе компаниясының ұшағы басқа әуе компаниясының ұшағымен соқтығысып, зақымданды, деп жазады inform.kz.

Әуе компаниясы жолаушыларды басқа ұшаққа ауыстырды.

— Алдын ала мәлімет бойынша FV6097 Мәскеуден Санкт-Петербургке рейсін орындауға дайындалып тұрғанда, басқа әуе компания ұшағының қанаты тиіп, зақымданған, — делінген хабарламада.
Әуе компанияның мәліметінше, қазіргі уақытта техникалық қызмет мамандары ұшақты тексеріп жатыр. Жолаушылар Мәскеу уақыты бойынша 23:08–де резервтік ұшақпен Санкт-Петербург рейсіне отырғызылды.
Шереметьево әуежайының онлайн ұшу ақпарат тақтасының мәліметінше, FV6097 рейсі Мәскеу уақытымен 20:30–да ұшып шығуы тиіс болған, бірақ рейс 23:39–да орындалды.