Соңғы тәуліктің ішінде кеселге 840 адам шалдыққан.
ERNUR.KZ. Швейцарияда COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны күрт өсіп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Аймақтағы қоғамдық денсаулық сақтау федералды басқармасының хабарлауынша, науқастардың дені 1560-тан асты. Соңғы тәуліктің ішінде кеселге 840 адам шалдыққан. Әлі де ондаған тұрғынның тест қорытындысы дайын емес. Жалпы күні бүгінге дейін қауіпті дерттен 13 адам жан тапсырды. Вирус жұқтыру дерегі елдің 24 кантонында тіркелді. Жергілікті билік сәуір айының соңына дейін қоғамдық іс-шаралардың өткізілуіне тыйым салды. Елдегі мейрамханалар мен ойын сауық орталықтарына бір уақытта 50-ден астам адамды қабылдауға болмайды. Ал, оқушылар мен студенттер сәуірдің 4-іне дейін демалысқа шықты.