Сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталған Ыстамбұл мэрі қамауға алынды

0
418

19 наурызда оппозициялық мэрдің қамауға алынуы наразылықтар мен лираның құнсыздануына әкелді.


Сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталған Ыстамбұл мэрі қамауға алынды

ERNUR.KZ. Ыстамбұл соты қаланың мэрі Экрем Имамоғлуды қамауға алды, деп жазады kaz.inform.kz.


Ыстамбұл прокуратурасы оған бірнеше бап бойынша айып тақты, соның ішінде қылмыстық ұйымды басқару, оған қатысу, парақорлық және алаяқтық айыптары бар. Мэр бұл айыптарды жоққа шығарады.

Имамоглудың ұсталуы оппозиция оны 2028 жылға жоспарланған президент сайлауына кандидат ретінде ұсынудан бірнеше күн бұрын болған.

Айта кетейік, 19 наурызда оппозициялық мэрдің қамауға алынуы наразылықтар мен лираның құнсыздануына әкелді. Тыйымдарға қарамастан, жұма кешінде ірі қалаларда демонстрациялар өтті. Ел бойынша 300-ден астам наразылық білдіруші ұсталғаны хабарланды.