Тәжікстанда GTA және Counter Strike ойындарына тыйым салынды

0
356

Тәжікстан PlayStation ойындарына тыйым салған Орталық Азиядағы бірінші мемлекет болды.


Тәжікстанда GTA және Counter Strike ойындарына тыйым салынды

ERNUR.KZ. Тәжікстанда атыс-шабыс, қан төгіс ойындарын ойнауға тыйым салынды. Себебі билік ойынның кесірінен жасөспірімдер түрлі қылмыстар жасап кетті дейді, деп жазады stan.kz.

Тәжікстан PlayStation ойындарына тыйым салған Орталық Азиядағы бірінші мемлекет болды.

"Азаматтардың, әсіресе компьютерлік және ойын орталықтарының иелерінің назарына! Тәжікстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес азғындық және зорлық-зомбылық сипаттағы бейнероликтер мен ойындарды таратуға қатаң тыйым салынады", – деп хабарлады Тәжікстан ішкі істер министрлігі.

Департамент GTA және Counter Strike ойындарында зорлық-зомбылық, кісі өлтіру және тонау элементтері бар екенін атап өтеді. Мәдениет министрлігінің тарихи-мәдени сараптамасы осындай қорытындыға келді. Тәжікстанның құқық қорғау органдарының талдауына сәйкес, "кейбір жастар мен жасөспірімдер мұндай ойындарға үнемі араласып, олардың теріс ықпалына түсіп, түрлі қылмыстар жасайды".

Осыған байланысты ішкі істер министрлігінің Душанбедегі департаменті компьютерлік клубтар мен дүкендердің иелерінен бұл ойындарды таратпауды талап етті. Ата-аналар балаларын қадағалап, оларға кісі өлтіру мен зорлық-зомбылықты насихаттайтын ойындарды ойнауға жол бермеуі керек деп қосты ол. Енді тексерістер мен рейдтер жүргізіледі.