Трамп Иранға санкцияны жеңілдетуден бас тартты

0
156

Аятолла Хаменеи мәлімдемесінен кейін АҚШ президенті шешімін өзгертті.


Трамп Иранға санкцияны жеңілдетуден бас тартты

Фото: AP/Manuel Balce Ceneta

ERNUR.KZ. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Иранға салынған санкцияларды жеңілдету мүмкіндігін қарастырғанын, бірақ Иранның жоғарғы лидері аятолла Али Хаменеи тарапынан айтылған қатаң мәлімдемелерден кейін бұл ойынан бас тартқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Truth Social желісіндегі парақшасында жазды, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Соңғы бірнеше күнде мен Иран экономикасын толық әрі жылдам қалпына келтіруге мүмкіндік беру үшін кейбір санкцияларды алып тастау және басқа да шаралар туралы жұмыс жүргіздім. Алайда, мен зұлымдық пен өшпенділікке толы мәлімдемелерді көрген соң, санкцияларды жеңілдетуге бағытталған жұмыстарды дереу тоқтаттым», – деп жазды Трамп.

Хаменеи АҚШ пен Израильге қарсы мәлімдеме жасады

Трамптың бұл реакциясы Иранның рухани көшбасшысы Али Хаменеидің X (бұрынғы Twitter)желісінде жариялаған жазбасынан кейін туған.

«Америка режимі біздің жеңісімізден кейін соғысқа араласуға мәжбүр болды. Егер олар мұны істемегенде, сионистік режим толығымен жойылатын еді. Олар бұл режимді аман алып қалуға тырысты, бірақ ештеңеге қол жеткізген жоқ», – деп мәлімдеген аятолла.

АҚШ пен Иран арасындағы ұзаққа созылған текетірес

  • АҚШ пен Иран арасындағы қарым-қатынас ядролық келісімнен (JCPOA) кейін айтарлықтай нашарлаған
  • 2018 жылы Трамп әкімшілігі келісімнен біржақты түрде шығып, Иранға қарсы қатаң санкциялар енгізді
  • Бұл әрекеттер Таяу Шығыстағы саяси шиеленісті күшейтті.