Ақ үй өкілдері Элмендорф-Ричердсон әскери базасы барлық қауіпсіздік талаптарына сай деп шешкен.
Фото: APA
ERNUR.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин Аляскадағы әскери базада кездеседі, деп жазады ulysmedia.kz.
Дональд Трамп пен Владимир Путин 15 тамызда Аляскадағы Анкоридж қаласы маңындағы Элмендорф-Ричердсон әскери базасында кездеседі. Бұл жөнінде CNN телеарнасы Ақ үйдегі дереккөздеріне сүйеніп хабарлады.
Телеарна мәліметінше, Ақ үй өкілдері Элмендорф-Ричердсон әскери базасы барлық қауіпсіздік талаптарына сай деп шешкен.
Ақ үй Трамп пен Путиннің кездесуі міндетті түрде өтетінін айтты. Себебі оны Мәскеудің өзі сұраған.
Дональд Трамп пен Владимир Путиннің кездесетіні туралы 6 тамызда белгілі болған. Сол күні Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф Мәскеуде Путинмен кездескен. Кейіннен екі ел президенттері 15 тамызда Аляскада кездесетіні айтылған.