Трамп Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізбек

0
149

АҚШ президенті бұл туралы Морристаун қаласының әуежайында журналистерге берген сұхбатында айтты.


Трамп Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізбек

фото: AP Photo / Jose Luis Magana

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің Украинадағы соңғы әрекеттерін құптамайтынын мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
АҚШ президенті Морристаун қаласының әуежайында журналистермен сұхбаттасу кезінде осы мәселе бойынша сұраққа жауап беріп, Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізу мүмкіндігін қарастыратынын айтты. Ол Владимир Путиннің іс-әрекетімен келіспейтінін мәлімдеді.
"Мен Путиннің істеп жатқанына көңілім толмайды... Бұл маған мүлдем ұнамайды, біз келіссөз жүргізіп жатырмыз", - деді Трамп.
АҚШ президенті сондай-ақ Ресей басшысымен "бұрыннан таныс екенін және үнемі тіл табысып келгенін" атап өтті.