Түрікменстанда тұрғындардан маска тағуды талап етіп жатыр

0
633

Түрікменстанда СOVID-19 инфекциясы ресми түрде тіркелмеген.


Түрікменстанда тұрғындардан маска тағуды талап етіп жатыр

ERNUR.KZ. Түрікменстанда маска тағу режимі дүйсенбіден басталды, - деп жазады tengrinews.kz.

Жергілікті басылым полицейлер инфекциялық аурулардың таралмауы үшін тұрғындардан маска тағуды талап етіп жатқанын жазады. Жол полициясының қызметкерлері де көлікте маскасыз отырған жүргізушілерді тоқтатып, үйден шыққан соң маска тағу керегін ескертіп жатыр.

"Ашхабадтың орталығында дүйсенбі күні кешке велосипед айдаған патруль қызметкерлері маска тағу режимін қадағалап жүр... Әзірге ешқандай айыппұл салынбайды. Алайда халық медицина мамандарының талабына құлақ аспаса, құқыққорғау органдарына айыппұл салуға тура келуі мүмкін", - деп жазады басылым.

Ел астанасындағы базарларда маска сату ұйымдастырылды.

Сондай-ақ қоғамдық орындарға барғанда 1,5-2 метр - әлеуметтік қашықтықты сақтау талабы күшейтілді. Тұрғындарға жеке кездесулерге шықпай, телефон немесе интернет арқылы байланысуға кеңес берілді.

Еске салайық, бұған дейін "Түрікменстанда "коронавирус" сөзін айтуға тыйым салынды" деген ақпарат тараған болатын және елде СOVID-19 инфекциясы ресми түрде тіркелмеді.