Түркіменстанда сұлулық салондары жұмысын қайта бастады

0
747

Алайда мемлекеттік қызметтердегі аруларға әлі де сұлулық салондарына баруға тыйым салынады


Түркіменстанда сұлулық салондары жұмысын қайта бастады

ERNUR.KZ. Бұл туралы"Азия плюс" АА хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Алайда мемлекеттік қызметтердегі аруларға әлі де сұлулық салондарына баруға тыйым салынады, өйткені билік олардың сыртқы кейпінің "табиғилығын" қатаң қадағалайды.

Түркіменстан мемлекеттік секторының қызметкерлеріне опа-далап қолдануға және ашық түсті киім киюге тыйым салынады.

Сонымен қатар, ботокс инъекциясын салу, силикон импланттарын орнату не эпиляция қызметтеріне тыйым салынады. Ресми түрде тыйым салынбағанымен, осы шектеулерді бұзған кез-келген азамат түрмеге жабылуы мүмкін.

Түрікмен бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, соңғы сегіз айда Түрікменбашы қаласынан кем дегенде 11 косметолог ботокс енгізу қызметтері үшін түрмеге жабылды.

Түркіменстандағы сұлулық салондарының жұмысына жасырын тыйым салу 20 наурызда әкесі Құрбанқұлы Бердімұхамедовтың орнына келген Сердар Бердімұхамедовтың ұлықтау рәсімінен кейін пайда болды.