Түркия төрт күндік жұмыс аптасына көшеді

0
230

Енді, 3 күн демалуға мүмкіндік бар.


Түркия төрт күндік жұмыс аптасына көшеді

Фото: © shutterstock

ERNUR.KZ. Мамандар жаңа жүйе наурыз-сәуір айларында басталатынын айтты. Ол үшін жұмыс берушімен келісе отырып, күніне он сағат жұмыс істеу кестесіне көшеді. Осылайша аптасына 40 сағат жұмыс істейді, деп жазады inbusiness.kz.

Qazaqstan.tv жазуынша, бұл жеңілдікті ең алдымен кішкентай балалары бар әйелдер, университетте оқып жүріп жұмыс істейтін жастар және мүгедектегі бар адамдар пайдалана алады.

Жаңа жүйенің ерекшелігі бір жұмыста аптасына 4 күн істейтін адам мен 5 күн істейтін адамның жалақылары бірдей болады.

Мамандар бұл жүйе адамдардың жұмысқа ынтасын арттырып, отбасымен көбірек уақыт өткізуге мүмкіндік береді, дейді.