Түркияда алғашқы коронавирус расталды

0
540

Вирус жұқтырған ер адам Еуропаға барып келген екен.


Түркияда алғашқы коронавирус расталды

ERNUR.KZ. Түркияда коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайы расталды, деп жазады zakon.kz.

Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа науқастың жақында Еуропадан сапардан оралған адам екенін айтты, деп хабарлады Daily Sabah газеті сәрсенбіде.

Жаңа коронавирусты қазірге дейін әлем бойынша 100 мыңнан астам адам жұқтырды, олардың көпшілігі сауығып, 4 мыңға жуығы қайтыс болды. Коронавирустың өршуі алғаш рет желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласында тіркелген.

Еуропада коронавирустың ең көп таралуы Италияда болды, Франция мен Германияда да жағдай күрделі.