Түрмеде 5 жыл отырған атақты режиссер "Сахаров" сыйлығына ие болды

0
970

Депутаттарды Украина мен Ресейде қамалған украиналықтардың тағдырына алаңдауға шықарған Олег Сенцов "Путинге сенбеймін" деді.


Түрмеде 5 жыл отырған атақты режиссер

ERNUR.KZ. Еуропарламенттің Страсбургте өткен пленарлық отырысында жақында Ресей түрмесінен босап шыққан украиналық режиссер әрі белсенді Олег Сенцовқа Андрей Сахаров атындағы сыйлық табысталды, деп жазады Skifnews.kz.

Сенцов Еуропарламент депутаттары алдында сыйлықты жеке өзіне емес, "Ресейдегі, сепаратистер бақылауындағы Донбасстағы барлық украиналық саяси тұтқындарға, украиналық белсенділері мен әскерилерге берілген марапат деп қабылдайтынын" айтты.

Депутаттарды Украина мен Ресейде қамалған украиналықтардың тағдырына алаңдауға шақырған Олег Сенцов "Путинге сенбеймін!" деді. Ол көпшілік алдында орыс тілінде сөйледі.

Адам құқықтары саласындағы Еуропа парламентінің басты жүлдесі – Сахаров сыйлығы Сенцовқа былтыр Ресей түрмесінде қамауда отырғанда берілген. Қырымда тұратын режиссерды аннексиядан кейін Ресей билігі ұстап, теракт ұйымдастырмақ болды деген айыппен 20 жылға бас бостандығынан айырған. Ол айыпты мойындамай, "мені және айналамдағы адамдарды Украинаны қолдайтын көзқарасымыз үшін ұстады" деген. Сенцов негізінен Ресейдегі украиналық саяси тұтқындарды босатуды талап етіп аштық жариялағанда танылды.

Еуропа парламенті Совет академигі әрі диссидент Андрей Сахаров атындағы сыйлықты Сенцовка "туған өлкесі Қырымды заңсыз басып алуға қарсы бейбіт түрдегі наразылығы мен ойын ашық айтқаны" үшін берген.

Түрмеде 5 жылдан астам отырған Сенцов биыл қыркүйекте Ресей мен Украина арасындағы тұтқын алмасу кезінде босап шықты. Қазір режиссер қоғамдық жұмыспен айналысады. Жақында Литва астанасы Вильнюсте өткен оппозициялық Еркін Ресей форумында "Ресей мен Украина халқының ортақ жауы – Владимир Путин" деген пікір айтқан.

Сахаров сыйлығын Еуропа парламенті 1988 жылы тағайындаған. Сыйлық адам құқықтары мен еркіндігін қорғауға ерекше үлес қосқандарға беріледі.