Туу санын арттыру үшін жастардың жұмыс уақыты қысқартылады

0
847

Сондай-ақ, Қытайда неке демалысы енгізілмек.


Туу санын арттыру үшін жастардың жұмыс уақыты қысқартылады

ERNUR.KZ. Қытайда депутаттар туу санын арттыру үшін жастарға сегіз сағаттан астам жұмыс істеуге тыйым салуды ұсынды, деп жазады stan.kz.

Депутаттардың мәлімдеуінше, егер жігіттер мен қыздардың жұмыс күні аз болса, олар сүйіктілерін табуға уақыты болып, дүниеге бала әкелу ықтималдылығы көбейеді.

Ұсыныс бүкілқытайлық халықтық саяси консультативтік кеңес комитетінің және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының жыл сайынғы сессияларын талқылауға шығарылды.

Сонымен қатар балабақшаларда жыныстық сауаттылық бойынша сабақтар енгізу ұсынылады. Бірақ Батыс өркениеті ықпал етпеуі үшін қытайлық оқулықтар қолданылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы қытай халқы күрт азайып, Үндістан халық саны бойынша басып озғаны хабарланды.

Сондай-ақ, елде неке демалысы енгізілмек.