​Украина бойынша үшжақты келіссөздер Женевада басталды

0
442

Украина бойынша үшжақты келіссөздердің алдыңғы раунды ақпан айының басында Абу-Даби қаласында өткен болатын.


​Украина бойынша үшжақты келіссөздер Женевада басталды

Фото: Anadolu

ERNUR.KZ. Женева қаласында Ресей, АҚШ және Украина қатысуымен украин қақтығысын реттеу жөніндегі келіссөздер өтіп жатыр, деп жазады inform.kz.

РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтің мәліметінше, кездесу жабық форматта, яғни БАҚ өкілдерінсіз өтеді.

Ол сондай-ақ «бүгін қандай да бір жаңалық күтудің қажеті жоқ» екенін атап өтті. Себебі келіссөздер 18 ақпанда жалғасады деп жоспарланған.
ТАСС агенттігіне дереккөздің хабарлауынша, Женевадағы үшжақты келіссөздер кемінде бес бағыт бойынша өтеді.
— Бұл ең алдымен аумақтық, әскери, саяси, сондай-ақ экономикалық мәселелер және қауіпсіздіктің түрлі аспектілері, — деді агенттік сұхбаттасушысы.
Еске салайық, Украина бойынша үшжақты келіссөздердің алдыңғы раунды ақпан айының басында Абу-Даби қаласында өткен болатын.
Ресей, Украина және АҚШ арасындағы консультациялардың екінші күні тараптар 314 тұтқынды айырбастау туралы келісімге келген еді.