Украинадан шығып бара жатқан өзбекстандықтар жол апатына ұшырап, біреуі қаза тапты

0
1 165

Олардың біреу қайтыс болған, екеуі Львов қаласындағы ауруханаға жеткізілген.


Украинадан шығып бара жатқан өзбекстандықтар жол апатына ұшырап, біреуі қаза тапты

Украинада Польшаның шекарасына кіре беріс жерінде үш өзбек азаматы жол апатына ұшырады, - деп жазады ERNUR.KZ. КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы Өзбекстанның Украинадағы елшісі Алишер Курманов мәлімдеді. Курмановтың сөзінше, апат болған кезде көлік ішінде Өзбекстанның 21 жастағы үшін азаматы болған. Олардың біреу қайтыс болған, екеуі Львов қаласындағы ауруханаға жеткізілген.

"Елшілік қаза болған Хакимов Отабектің туыстарына көңіл айтып, оның денесін еліне жеткізу үшін қолдан келген барлық шараны ұйымдастырады. Бұдан бөлек зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу үшін, қолдан келген шараны жасап жатыр", - деп жазылған елшілік таратқан мәліметте.