Украинаға жыл сайын 40 млрд доллар көлемінде қолдау керек - Зеленский

0
117

Өткен аптада Пентагон хатшысы Пит Хегсет АҚШ 2026 қаржы жылына арналған бюджетте Украинаға жаңа қару-жарақ сатып алуға арналған қаражатты азайтатынын айтты.


Украинаға жыл сайын 40 млрд доллар көлемінде қолдау керек - Зеленский

фото: RIA Novosti/Avrora

ERNUR.KZ. Зеленский G7 саммитінде Украинаны қолдау үшін ақша сұрады, деп жазады sputnik.kz.
""Біздің тұрақтылығымыз үшін Украинаға жыл сайын 40 миллиард доллар көлемінде бюджеттік қолдау көрсету маңызды, осылайша біздің еліміз одан әрі қарсылық көрсете алады. Бұл G7 көшбасшыларының, соның ішінде АҚШ-тың ортақ шешімі болуы керек", - деді Зеленский.
Зеленский Батыстан үнемі көмек сұрайды. Осылайша, ол G7 саммитінде АҚШ президенті Дональд Трамптан Украинаға әскери көмекті қысқарту туралы шешімнен бас тартуды және жаңа қару пакетін бөлуді тағы да сұрайтынын айтты. Бірақ Трамп форумнан мерзімінен бұрын кеткендіктен, олар кездеспеді.
Өткен аптада Пентагон хатшысы Пит Хегсет АҚШ 2026 қаржы жылына арналған бюджетте Украинаға жаңа қару-жарақ сатып алуға арналған қаражатты азайтатынын айтты. Ақ үйдің ұстанымына сәйкес, қақтығысты келіссөздер арқылы бейбіт жолмен шешу қақтығысқа қатысушы екі тараптың да, Вашингтонның да мүддесіне сай келеді, деді министр.

Зеленский бұл сөздерге "оқтан да ауыр тиіп жатқанын" айтып жауап берді.