Үндістанда нөсер салдарынан 10 адам қаза тапты

0
106

Қала билігі қатты жауынға байланысты мектептерде сабақ өткізуге уақытша тыйым салған.


Үндістанда нөсер салдарынан 10 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Үндістанның Батыс Бенгалия штатындағы Калькутта қаласында толассыз жауған жаңбыр мен соған байланысты төтенше жағдайлардан алдын ала мәлімет бойынша 10 адам көз жұмды, деп жазады baq.kz.

NDTV телеарнасының мәліметіне сүйенсек, қала билігі қатты жауынға байланысты мектептерде сабақ өткізуге уақытша тыйым салған.

Чиновниктердің айтуынша, әртүрлі аудандарда найзағай соғып, жауыннан туындаған өзге де жағдайлардан 10 адам қаза болған.

Нөсер жауын тудырған су тасқыны қаладағы қозғалысты қиындатты. Сондай-ақ билік Калькутта әуежайында 62 әуе рейсі тоқтатылып, тағы 42 рейс кейінге шегерілгенін айтты.