Үндістанда теміржол вокзалында 18 адам аяқ астында тапталып қаза тапты

0
263

Қаза тапқандардың ішінде 5 бала мен 4 әйел бар.


Үндістанда теміржол вокзалында 18 адам аяқ астында тапталып қаза тапты

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Үндістан астанасы Нью-Делидің теміржол вокзалындағы трагедия құрбандарының саны 18-ге жетті, деп жазады zakon.kz.

Қайғылы оқиға сенбі күні болды. Адамдар діни мереке үшін үйіне асығып, вагондарға ұмтылғанда аяқ астында тапталып қалған.

Қаза тапқандардың ішінде 5 бала мен 4 әйел бар.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, олардың ең жасы 7-де, ең ересегі 79-да екен.

Тағы ондаған тұрғын жараланып, ауруханаға жеткізілді.