Қырғызстан оппозициясы үкімет есебін қабылдамады

0
1 218

Депутаттардың негізінен 2017 жылғы бюджеттің 3 миллиард сомнан астам қаржысы игерілмей қалғанына, жылу электр станкциясының қысқа нашар дайындалғанына, Тогуз-Тороуз ауданындағы алтын кен орнында жаппай тәртіпсіздікке жол берілгеніне көңілдері толмады.


Қырғызстан оппозициясы үкімет есебін қабылдамады

Сапар Исаков, Қырғызстан премьер-министрі.

Қырғызстан парламентіндегі оппозициялық үш фракция - "Республика – Ата Журт", "Ата Мекен" және "Онугуу-Прогресс" үкіметтің 2017 жылды қорытындылаған есебін тыңдады. 17 сәуірдегі талқылау 10 сағаттан астам уақытқа созылды. Талқылау соңында оппозициялық фракциялар депутаттары үкімет есебіне "қанағаттанбадық" деп дауыс берді. Бұл туралы azattyq.org жазады.

Депутаттардың негізінен 2017 жылғы бюджеттің 3 миллиард сомнан астам қаржысы игерілмей қалғанына, жылу электр станкциясының қысқа нашар дайындалғанына, Тогуз-Тороуз ауданындағы алтын кен орнында жаппай тәртіпсіздікке жол берілгеніне көңілдері толмады.

Өткен аптада парламенттегі көпшілік орынға ие Қырғызстанның іс басындағы Социал демократиялық партиясы мен "Қырғызстан" фракциясы үкімет есебін тыңдап, "қанағаттанарлық" деп баға берген. 18 сәуірде премьер-министр Сапар Исаков бастаған үкімет мүшелері Жогорку Кенештің жалпы отырысында есеп береді.