Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Нью-Йорктен түрік мегаполисіне келді.
ERNUR.KZ. Стамбул қаласында 26 қыркүйекте күшті жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулері 5,8-ді құрады, деп жазады stan.kz.
Жер сілкінісі Стамбұлда және оған жақын аудандарда сезілді. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Нью-Йорктен түрік мегаполисіне келді. Ол Стамбулдағы жағдайға түсінік берді. Мемлекет басшысы Түркия Үүіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және әрекет ету департаментінің (AFAD) мәліметінше, Стамбулдың жағалауындағы Мармара теңізінде болған сілкіністердің күші 5,8 болды.
"Метрополияда 28 афтершок тіркелді. Ең күшті соққы магнитудасы 4,1", - деді Режеп Тайып Ердоған.
Оның айтуынша, Ыстамбұлдағы жер сілкінісі салдарынан 8 адам зардап шекті. Түркия президенті қоғамды жер сілкінісі аймағындағы жағдай туралы ресми құрылымдардың мәлімдемелеріне ғана сенуге шақырды.