Бұл - кемедегі алғашқы өлім.
ERNUR.KZ. Жапонияда карантинде болған Diamond Princess лайнерінде екі адам коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Науқастар ауруханада болған. Қайтыс болғандардың бірі 80-ге таяған ер адам болса, екіншісі әйел адам.
Бұл 600-ден астам жолаушысы қауіпті вирусты жұқтырған кемедегі алғашқы өлім жағдайлары болды.
Айта кетсек, кеше кемедегі екі апталық карантин мерзімі аяқталып, 500-ге жуық адам кемеден шығарылған болатын.