Жолдасын жабайы аңмен шатастырып алған: Ресейде аңшы адамды атып өлтірді

0
79

Жәбірленуші ішінен ауыр жарақат алып, ауруханаға барар жолда көз жұмған.


Жолдасын жабайы аңмен шатастырып алған: Ресейде аңшы адамды атып өлтірді

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Ресей Федерациясының Хакасия Республикасында ер адам аңшылық кезінде танысын байқамай атып, оның өліміне себеп болды, деп жазады zakon.kz.

"Лента.ру" басылымының жазуынша, Хакасия мен Краснояр өлкесінің Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасы аңшының өз басшысын атып өлтіргенін растады.

Оқиға Таштып ауданындағы Кубайка ауылына жақын маңда болған. Абакан қаласынан келген бес адам аңға шыққан. Орманға кірер алдында олар екі топқа бөлінген.

Тергеу мәліметіне сәйкес, аңшылардың бірі кешке қарсы алдындағы адамды жабайы аң деп ойлап, оқ атқан. Жәбірленуші ішінен ауыр жарақат алып, ауруханаға барар жолда көз жұмған.

"Абакан қаласының 36 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ҚК 109-бабының 1-бөлігі (абайсызда адам өліміне себеп болу) бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады тергеу органдары.