Аяз күндері маска кию қажет пе?

0
3 787

Масканы көрнекілік үшін тағу дұрыс емес, дейді маман.


Аяз күндері маска кию қажет пе?

ERNUR.KZ. Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова аяз күндері маска киюдің қаншалықты қажеті бар екенін түсіндірді, деп жазады baq.kz.

Маска иекте тұрмауы тиіс немесе құлаққа іліп, көрнекілік үшін тағу дұрыс емес. Ол мұрын мен ауызды жауып тұруы керек. Бұған назар аудармауға болмайды. Маска киюге байланысты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен комитеттің жариялаған белгілі бір талаптар бар. Аяз күндері маска кию міндетті. Адамдармен сөйлесу кезінде маска киюі керек. Сондай-ақ маска ауыстырудың ережесі бар. Егер маска суланып кетсе, оны бірден ауыстыру қажет, - деді Әсел Халықова.

Сонымен қатар ол мерекелік банкеттер мен корпоративтік кештер туралы айтты. Әсел Халықова Алматы тұрғындарын бұқаралық іс-шараларға қатысудан аулақ болуға және мүмкіндігінше үйде отыруға шақырды.

Қала тұрғындарына алдағы мерекелерді тойлауға қатысты көпшілік іс-шаралар мен мерекелерден бас тартуға, мерекелерді отбасы ортасында атап өтуге кеңес береміз. ҚР және Алматы қаласы Бас мемлекеттік санитар дәрігерлерінің қаулыларында көрсетілген шектеу шараларын күшейту керек, - дейді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары.