Біздің өмірімізде технологиялар маңызды рөл атқарады — олар бізді бала кезімізден бастап сүйемелдей келе, ересек өмірде де маңыздылығын жоғалтпайды.
ERNUR.KZ. Балалар қазіргі күні бос уақыттарын Интернет желісінде, ата-аналарының қалағандарындай емес, көп өткізеді. Әлеуметтік желілер, онлайн-ойындар мен бейнеплатформалар олардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналды десек артық емес. Алайда виртуалды әлемнің кибербуллингтен бастап алаяқтыққа дейін қауіп-қатері аз емес. Көп жағдайда, баланың нелерді қарап отырғанын және қауіпті жағдайды дер кезінде танып-білу оңайға соқпай жатады.
Fingramota.kz балаларға арналған киберқауіпсіздіктің негізгі қағидалары туралы айтып береді және онлайн-белсенділіктің ықтимал жағымсыз салдарын қалайша азайтуға болатындығы жөнінде кеңестер береді.
Біздің өміріміздегі технологиялардың алатын орны
Біздің өмірімізде технологиялар маңызды рөл атқарады — олар бізді бала кезімізден бастап сүйемелдей келе, ересек өмірде де маңыздылығын жоғалтпайды. Баланың негізгі дағдылары оның дамуының бастапқы кезеңдерінде қалыптасады, ол баланың цифрлық әлемде қауіпсіз бағдарлануына мүмкіндік береді.
Алайда, «Касперский зертханасының» бұрын жүргізген зерттеуі көрсеткендей, балалар мен жасөспірімдер әрқашан ықтимал тәуекелдерді түсіне бермейді:
• жасөспірімдердің 73%-ы өз өмірін смартфонсыз елестете алмайды, ал олардың жартысы қолынан телефонын түсірмей ұйықтайды.
• 8-16 жас аралығындағы балалардың 44%-ы желіде онлайн отырады, уақытының басым бөлігін әлеуметтік желілер мен ойын-сауық қосымшаларды қарауға жұмсайды.
• балалардың 40%-ы тұрғылықты мекен-жайын көрсетуді қоса алғанда, интернетте осал дербес деректерін жайып салады;
• әрбір үшінші жасөспірім онлайн- платформаларда тіркелу кезінде жасын асырып көрсетеді.
• балалардың 37%-ы кибербуллинг, қаржылық алаяқтық және тыйым салынған контентті қоса алғанда, онлайн қауіп-қатерлерге тап болады.
Ата-аналарға баланы цифрлық кеңістікте қорғау үшін олардың гаджеттерге қол жеткізуін шектеулері жеткіліксіз. Ең тиімді тәсіл — балаларға интернетте өздерін саналы және қауіпсіз іс-қимыл жасауға үйрету, оларға тәуекелдерді түсінуге және дұрыс шешім қабылдауға көмектесу.
Жалпы, балалар интернетте жиі тап болатын қауіптердің үш негізгі санаты бар:
Бейтаныс адамдар. Қаскүнемдер көбінесе балалар арасында танымал платформаларда — әлеуметтік желілерде, онлайн-ойындарда және мессенджерлерде жасырынады. Олар баланың сеніміне кіру үшін өздерін оның құрдасы ретінде көрсете алады. Бұл әдіс кэтфишинг деп аталады. Сонымен қатар, хакерлер мен киберқылмыскерлер әлсіз пайдаланушыларды іздейді — ол балалар да, ересектер де болуы мүмкін. Олар балалардың, сондай-ақ олардың ата-аналарының құпиясөздерін, төлем деректерін біліп алуға немесе зиянды бағдарламаларды орнатуға тырысуы мүмкін.
Құрдастар. Кибербуллинг – ең көп таралған қауіптердің бірі. Балалар таныстарының қорлауына ұшырауы, чаттарда немесе әлеуметтік желілерде қорлауға тап болуы мүмкін. Кейде зорлық-зомбылық жасаушылар жәбірленушінің жеке деректерін немесе фотосуреттерін жариялайды, бұл эмоционалды күйзеліске әкелуі мүмкін. Тіпті ауыр жағдайларда, мысалы, интимдік фотосуреттерді тарату кезінде, бұл қылмыстық құқық бұзушылыққа айналуы мүмкін.
Өз бетінше. Бақылаусыз балалар желіде қауіпті жағдайды өзі-ақ жасап алуы мүмкін. Олар гаджеттерді дұрыс пайдаланбайды немесе өз әрекеттерінің салдарын түсінбестен бағдарламалық жасақтама орнатады, сонымен қатар дербес деректерін жариялайды.
Бұл қауіптердің кейбірі әлеуметтік болып табылады – олар бопсалаумен немесе айла-шарғымен байланысты. Көп жағдайда бейтаныс адам алдымен баланың сеніміне ие болады, содан кейін оны пайдаланады. Бұл қауіптерден қорғану үшін бала басқа адамдармен қалай қауіпсіз қарым-қатынас жасау керектігін білуі және өзіне қарсы ойластырылған қауіпті белсенділіктің алдын алуы тиіс.
Қауіптің тағы бір түрі – деректерге рұқсатсыз қол жеткізу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданатын цифрлық қауіптер. Бұл зиянды бағдарламалар (мысалы, жеке деректерді ұрлау) немесе фишинг (жалған веб-сайтқа алаяқтықпен кіруге мәжбүр ету) болуы мүмкін. Қауіптің бұл түрінен қорғау үшін балаға интернетті қалайша дұрыс пайдалану және сенімді антивирустық бағдарламалар орнату және құрылғыны қорғауды (пин-код, құпиясөз, биометрия және т.б.) теңшеу қажеттілігін түсіндіру қажет.