Көлік жүргізгенде ҰЙЫҚТАП ҚАЛМАУ үшін не істеуге болады?

0
628

Сергектік сыйлайтын 10 әрекет.


Көлік жүргізгенде ҰЙЫҚТАП ҚАЛМАУ үшін не істеуге болады?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Ауыр жол апаттарының төрттен біріне шаршау күйдегі көлік жүргізушісінің ұйықтап қалуы себеп болады екен. Бұл жағдай әсіресе ұзақ сапарға шыққандарға тән. Себебі, түнде монотонды жүріс күшін жойып, нәтижесінде адамдардың денсаулығы мен мүлікке айтарлықтай зиян келуі ықтимал.

Ғалымдар 4 сағат бойы үздіксіз жүргеннен кейін автокөлік жүргізушісінің реакциясы 2 есе, 9 сағаттан кейін 7 есе төмендейтінін дәлелдеген. Сонымен қатар, көлік жүргізу кезінде ұйықтап қалмаудың 10 амалын ұсынған. Сондықтан бұл әдіс-тәсілдерді меңгеру өте маңызды.


1. Қарым-қатынас

Жолаушылармен сөйлесу – ми жұмысын ынталандырудың тиімді әдісі. Сонымен қатар, көптеген жолаушы жүргізушінің маужырап отырғанын бірден байқап, ұйқыдан арылуға көмектеседі. Егер жолаушылар да қалың ұйқыға кіріп кетсе, көлікті тоқтатып, мызғып алған дұрыс. Өйткені бұл шаршаудың сенімді белгісі. Оның үстіне айналаңыздағы адамдардың ұйқысы сізді де көз ілуге тартып тұрады.


2. Музыка

Егер көлікте жалғыз болсаңыз, ритмді музыкаларды тыңдау көмектеседі. Ал баяу ырғақпен орындалатын әндер керісінше әсер етеді.


3. Ән айту

Егер музыка тыңдаудан жақсы нәтиже шықпаса, дауыстап ән айтып көріңіз. Себебі, сөздерді айтқанда ми ынталандырылып, қан оттегімен қанықтырылады. Тиісінше бұл дененің тонусын арттырады және ұйқышылдықты жеңілдетеді.


4. Сергітетін сусындар

Ұзақ жолда шай, кофе мен ыстық шоколад та көмектеседі. Дегенмен бұл әдіс қысқа мерзімге ғана әсер ететінін есте ұстаған жөн. Яғни шамамен екі сағаттан кейін кофенің сергітетін әсері жоғалады.


5. Энергетик

Мұндай сусындардың құрамында кофеин болады. Сонымен қатар, олар дәрумендермен, тауринмен, пайдалы қышқылдармен және басқа да тоник қосылыстарымен қанығады. Ең бастысы – дозаны шектік межеден асырмау, өйткені энергияның көп мөлшері денеге зиян тигізеді.


6. Энергетикалық таблеткалар

Бұлардың құрамы энергетикалық сусындармен бірдей, бірақ агрегаттық күйімен ерекшеленеді. Жинақы болғандықтан, энергетикке қарағанда өзіңізбен бірге алып жүру оңайырақ.


7. Тамақ

Егер жолда крекер, жаңғақ, кәмпит және басқа да ұсақ-түйектерді жесеңіз, бұл дененің тонусын көтеруге көмектеседі.


8. Сергітетін дабылдар

Қазіргі кейбір көліктер арнайы дабыл құрылғыларымен жабдықталған. Бұлар жүргізушінің жүргізу тәсілін қадағалайды және өткір дыбыс шығарады. Мысалы, бұрылыс белгісін жақпай келесі жолаққа немесе жол жиегіне шықса. Өйткені, жүргізуші ұйықтап жатса, осындай жағдайлар орын алып жатады. Егер көлікте мұндай жүйе болмаса, автокөлік дүкенінен дабыл құрылғысын сатып алыңыз.


9. Зейінді шоғырландыру

Зейіннің шоғырлануы ұйқыдан алшақтатады. Ол үшін өзіңізге тапсырмалар беріп, оларды шешіңіз. Мысалы көліктердің маркаларын анықтаңыз, тіректерді санаңыз және т.б.


10. Физикалық жағдайды өзгерту

Жүргізуші шаршаңқы күйін мынадай әдістер арқылы өзгерте алады:

жаттығулар – бұлшықет кернеуі, бастың айналуы және т.б.;

көлік салонындағы температура режимін өзгерту;

бетті дымқыл шүберекпен сүрту және салқын сумен жуу;

көзге жеңіл массаж жасау.


Жалпы, аталған әдістердің барлығы да жүргізушіге көмектеседі. Бірақ зәру болмаса, түнде де ұзақ сапарға шықпаған дұрыс. Осылайша өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етіп қана қоймай, өзгелерге де зиян тигізуден аулақ боласыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Көлік тізгінін енді ұстағандар үшін ЕҢ ҚОЛАЙЛЫСЫ осылар


КӨЛІКТЕГІ ЫСТЫҚТАН ШАРШАДЫҢЫЗ БА? Сізге жайлылық сыйлайтын 10 кеңес