Күзден АМАН-ЕСЕН өтемін десеңіз, осы кеңестерге ҚҰЛАҚ ТҮРІҢІЗ

0
462

Көліктің күзгі проблемаларын ҚАЛАЙ ШЕШУГЕ БОЛАДЫ?


Күзден АМАН-ЕСЕН өтемін десеңіз, осы кеңестерге ҚҰЛАҚ ТҮРІҢІЗ

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Күз – көліктер үшін өте күрделі мезгіл. Яғни, бұл мезгілдегі құбылмалы ауа-райы көлік иелеріне көптеген қиындық тудырады. Жоғары ылғалдылық, жапырақтар, температураның өзгеруі – мұның бәрі темір тұлпардың жағдайына кері әсер етіп қана қоймай, оның жүріс-тұрысына да біраз мәселе туындатады. Сондықтан, сіз күзде қандай мәселелерге тап болуыңыз мүмкін екенін және оларды қалай шешуге болатынын қарастырайық.


Қозғалтқыш проблемалары

Қозғалтқыш – автомобильдің жүрегі. Ал, бұл «орган» дұрыс жұмыс істеуі үшін оған үнемі күтім жасау керек. Тек осындай жағдайда ғана оның жұмысына жоғары ылғалдылық әсер ете алмайды. Әйтпесе, 100 мың шақырым жүргеннен кейін-ақ, қозғалтқыштың жоғары вольтты сымдарына кір жиналып, нашарлап, цилиндр-поршень тобы да тозады. Ылғалдылыққа байланысты сымдарға жабысатын су массаға ток ағынын тудырады. Мұндай кезде қозғалтқыштың жұмысы бірқалыпты болмай қалады.


Мәселені шешу

Алдымен сымдарды «WINDIGO AquaStop» сияқты диэлектрикпен өңдеу қажет. Бұл құрал токтың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, майды ауыстырған кезде де қозғалтқышқа WINDIGO қоспасын қосу ұсынылады. Ол поршеньдік сақиналардың жұмысын қалпына келтіреді, қозғалтқышты тозудан қорғайды және қыста іске қосуды жеңілдетеді.

Басқару мәселелері

Күзгі жапырақтар жүргізушіге қиындық тудыруы мүмкін. Яғни, олар дөңгелектердің астында жататындықтан асфальт пен шинаның байланысын нашарлатады. Бұл тежеу қашықтығының артуына да соқтырады. Демек, жапырақ жапқан жолда жоғары жылдамдықпен жүру – сырғанаумен аяқталуы мүмкін.

Мәселені шешу

Егер жол жапырақтардан тазартылмаған болса, онда жүргізуші өте сақтықпен қозғалуы керек. Жылдамдықты азайту керек және сапар барысында күрт маневр жасамау қажет.


Желдету проблемалары

Ағаштан үзіліп түскен жапырақтар әйнектің шетіне жиналып, суды ағызу арнасын бітеп тастайды. Ал, жаңбыр күзде жиі кездесетін табиғи құбылыс. Тіпті, жауын-шашын бірнеше сағатқа созылуы мүмкін. Тиісінше, мұндай кезде су тікелей желдету жүйесіне, содан кейін салонға кіруі мүмкін.

Мәселені шешу

Сыртқы панельді жапырақтардан үнемі тазалап отыру керек.

Майлы терезе мәселесі

Жазда жаңбыр сирек жауады. Сондықтан әйнекте пайда болатын дақты күзде ғана жаңбырдан кейін байқап жатамыз. Егер сіз қозғалыста болсаңыз, ол жолды көруге кедергі келтіреді. Мәселе мынада: пайдаланылған газдардың майы әйнекке жиналып қалады. Ал, жаңбыр жауып, тазалағыштармен тазалағаннан кейін олар пайда болды.

Мәселені шешу

Терезеге шашырайтын суды арнайы жуғыш сұйықтықпен ауыстыру керек. Ол майды жақсы ерітіп, әйнекті тазартады. Сондай-ақ, бұл майдың алдын алуға да болады. Ол үшін әйнекті кез-келген майсыздандырғышпен жуу керек. Мәселен, ыдыс жууға арналған жуғыш затты, кір сабынының ерітіндісін және т.б.

Алдыңғы терезені арнайы «жаңбырға қарсы» құралмен өңдеген дұрыс. Ол терезені көрінбейтін пленкамен қаптайды да, соның арқасында әйнекте ылғал қалмай, бәрі ағып кете береді.



Тұманды терезе мәселесі

Салонның терезелері әдетте ылғалдың жоғарылауына байланысты буланады. Оған дымқыл аяқкиім, қолшатыр немесе сырт киім әсер етуі мүмкін. Егер желдету жүйесі салонның жоғары ылғалдылығымен күресе алмаса, онда мәселені сүзгіден іздеу керек. Демек, ол ұзақ уақыт бойы тазартылмаған немесе уақтылы өзгертілмеген.

Мәселені шешу

Ең оңай шешім – кондиционерді қосу. Көптеген кондиционерлерде арнайы «терлеу» режимі болады. Сондай-ақ, салон сүзгісін өзгерту қажет болады. Одан бөлек, оны сығылған ауамен үрлеу арқылы тазартуға болады.

Сонымен қатар, әйнектерді «тұманға қарсы» деп аталатын арнайы құралмен өңдеу ұсынылады. Ол «жаңбырға қарсы» құрал сияқты әрекет етеді. «Тұманға қарсы» құралды үйде де дайындауға болады. Ол үшін тұз ерітіндісінің бір бөлігін глицериннің екі бөлігімен араластыру керек. Бірақ, мұндай құралды сақтау мерзімі – үш айға дейін ғана.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Қытайлық көліктен БАС ТАРТУДЫҢ 10 себебі


«БІЗДІҢ ЖОЛДАР НЕГЕ ТЕЗ БҰЗЫЛАДЫ?»: Қазақстанның жолдары жайлы СІЗ БІЛМЕЙТІН деректер