Белгілі журналист: "Тігін өнері маған қанмен келген"

0
3 882

"Тігіншілік тектен келеді"-, дейді біздің бүгінгі кейіпкеріміз. Өзінің бала арманы журналистикаға жетелеп қалам ұстатқанымен, Лаура Қуандыққызы уақыт таба қалса тігін мәшинесіне отырғанды қалайды.


Белгілі журналист:

"Тігіншілік тектен келеді"-, дейді біздің бүгінгі кейіпкеріміз. Өзінің бала арманы журналистикаға жетелеп қалам ұстатқанымен, Лаура Қуандыққызы уақыт таба қалса тігін мәшинесіне отырғанды қалайды.

Алғашқы кезде әшекейлер жасауға журналистің тұрмысқа шығып, бала күтімімен отыруы себеп болыпты. "Үш баламның арасы өте жақын, қатар-қатар босанғандықтан үйден шықпай отыратынмын. Бұл әйел үшін өте қиын, сосын ойымды бөлейін мақсатпен сырға, моншақтар жасай бастадым. Оны бір кәсіп қылайын деген ой болған жоқ, тек өз рахатым үшін жасадым. 15-20 мыңға моншақтың түр-түрімен сатып алатынмын. Соларды жасап жүргенімде мамам «Әшекейлеріңді жасап бізге беріп жібер, сатып көрейік» деді. Сөйтіп түрлі моншақ, сырғаларды Қызылордаға жібере бастадым" -, дейді Лаура.

Әшекейлердің біразы сатылады, бірақ алғашқы топтаманың кейбіреуі сатылмай қалған кездері де болыпты.

Бұл әшекейлерден айтарлықтай пайда болмайтыны белгілі, бірақ бұл жұмыстар -журналистің жан қалауы. Осылай түрлі әшекейлер дайындап жүріп, тігін өнеріне қызыға бастайды. Кейде үйдегі ұсақ түйекті қолмен тігетін әдеті болғанмен, тігін мәшинесі болмауы қол байлайтын еді.

"Қолмен тігін тігу өнбейді ғой, сондықтан өткен жылы туған күнімде "Өзіме сыйлық жасайыншы" деп тігін мәшинесін сатып алдым. Бірақ тігін тігуді жүйелі білмегендіктен арнайы курсқа қатысып үйрендім" - деген Лаура "Бұл қасиет нағашыларымнан қонса керек. Өйткені нағашы әжем ісмер адам болатын. Киіз басу, тоқыма тоқу, киім тігу дегеннің барлығын өз қолымен жасайтын. Әжеміз үйретпегенмен, көріп өстік қой"-, деп жүзіне күлкі үйірді.

Лаура тігін курсын бітіргесін тапсырыстар да көптеп түсе бастағанға ұқсайды. Бірақ әзірге "Қолымды жаттықтырып, үйреніп болған соң тапсырыс қабылдаймын" деп отыр.

Одан бөлек болашақта өзінің киім кігетін ательесі болғанын қалайды. Лайраның айтуынша, әрбір әйелдің қолынан тігін тігу келеді. Сондықтан кез келгеннің үйінен тігін мәшинесі табылуы керек. Өйткені тоқыма тоқу, тігін тігу әйел жанын тыныштандырып, рахат сыйлайды екен.



Фото жеке мұрағаттан алынды.

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ.