Қажетті қоспалар:
- 500 гр. ет
- 900 гр. картоп
- 20 гр. көк пияз
- 20 гр. сары май
- 200 гр. ірімшік
- 2 тіс сарымсақ
- 0,5 стақан кілегей
Дайындалу тәсілі:
- Етті ірілеп турап, үстінен асханалық балғамен ұрып, дайындап аламыз. Сосын етті табаққа салып, тұз бен дәмдеуіштер себелейміз. Ұсақталған сарымсақты да қосып, 5-10 минут дәмдеуіштердің етке сіңгенін күтеміз.
- Пісірмеге арнайы ыстыққа төзімді форманы алып, майлаймыз. Сарымсақ жағуға да болады.
- Сосын етті табаға жайғастырып, майдалап туралған көк пиязды да салуға болады.
- Картоптың қабығын аршып, тазалап жуып, жұқалап тураймыз. Дайын болған картопқа тұз, дәмдеуіштер қосып араластырып қоямыз.
- Осы картопты енді еттің бетіне жайып саламыз. Енді кілегейді бір ыдысқа құйып, азырақ тұз, бұрыш қосып, картоптың бетіне құйып шығу керек. Кілегей тағамға ерекше дәм беріп, дәмдеуіштерді біріктіре түседі.
- Енді ірімшікті үккіштен өткізіп, пісірменің бетіне себелеу ғана қалды.
- Пешті алдын-ала 200 градусқа қойып қызддырып, пісірмені салып, 45-50 минут бойы пісіреміз. Осы уақыт аралығында тағамымыз да дайын болады.
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Қазақша САЛАТ: қарыннан да дәмді тағам жасап көріңіз