​Мексикандық әдіспен дайындалған ЭНЧИЛАДА

0
1 025

Мексикалықтардың дәстүрлі тағамдарының бірі - ЭНЧИЛАДА! Лавашқа оралып жасалатын бұл тағамға көкөністер мен консервіленген жүгері қосылады. Дәмі өте керемет боп шығатын мексикандық энчиладаны түскі немесе кешкі асқа ұсына аласыз!


​Мексикандық әдіспен дайындалған ЭНЧИЛАДА


Қажетті қоспалар:

  • 4-5 дана дайын лаваш
  • 400 гр. тауық еті
  • 1 дана сәбіз
  • 1 дана пияз
  • 1 дана болгар бұрышы
  • 1 дана қызанақ
  • 1 ас қасық томат тұздығы
  • 150 мл су
  • 1-2 тіс сарымсақ
  • 1 бума аскөк
  • 1 банка консервіленген жүгері
  • 300-400 гр. ірімшік
  • 1 дана жұмыртқаның сары уызы
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш қосылады.


Дайындалу тәсілі:

  1. Тауық еті мен көкөністерді текшелеп немесе майдалап турап аламыз.
  2. Енді табаны отқа қойып қыздырып, азырақ май құйып, пиязды салып қуырамыз. Пияздың артынша тауық етін салып, сәлден соң туралған сәбізді саламыз. 10 минуттай қуыруды жалғастырамыз.
  3. Орташа көлемде туралған болгар бұрышын табаға салып, жай отта тағы да 15 минуттай қуыру керек. Қуырма дайын болайын дегенде томат пастасы мен тұз, бұрышты салып, су құямыз. Аскөк пен сарымсақты да майдалап турап, қуырмаға салу қажет.
  4. Бір лавашты екі бөлікке бөліп аламыз. Сосын салманы салып, орап шығамыз. Салмаға консервіленген жүгеріні қосуды да ұмытпаймыз. Соңында үккіштен өткізілген ірімшікті себелеу керек.
  5. Табаға өсімдік майы мен томат тұздығын жағамыз. Содан соң оралған лаваштарды қойып шығамыз. Лаваштың бетіне жұмыртқаның сары уызын жағып, ірімшік себелеуге болады.
  6. Осылайша дайындалған энчиладаны пешке салып пісіріп аламыз. 30-40 минутта ерекше тағамымыз да дайын болады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Тауық етінен дайындалатын ең дәмді тағам