​Өкпені суықтан қорғайтын шырындар

0
5 657

С дәруменіне бай жемістер өкпені қабынудан сақтайды екен. Сол себепті қыс мезгіліне ағзаны дайындап, пайдалы жемістерді көбірек жеуге тырысу керек. Әсіресе мамандар мына жемістерді ұсынады.


​Өкпені суықтан қорғайтын шырындар

Ең пайдалы қыстық жемістердің бірі - апельсин. Оның құрамы антиоксиданттар мен басқа да дәрумендерге бай. Антиоксиданттар ағзаны сыртқы вирустар мен қабынудан сақтап, қарсы тұруға күш береді. Сонымен қатар апельсин жасұнықтың қайнар көзі. Жасұнық иммундық жүйенің қалыпты болуына, ішек жұмыстарының жақсаруына көмектесетін қасиетке ие.

Вируспен күресуге қауқарлы жемістердің төресі – анар. Ал, құлпынайда ағзаға пайдалы минералдар өте көп. Сондықтан да дәрігерлер құлпынайды қыста міндетті түрде жеу керектігін айтады.

Бойыңызды энергиямен толықтырып, күш-қуатты арттыратын жеміс – киви. Оның құрамы да пайдалы заттармен қаныққан. Әсіресе қыс мезгілінде кивиді жеген өте пайдалы болмақ. Бұдан бөлек мамандар жүзімді де тамақтану рационынан үзбеу керектігін ескертеді. Жүзім ағзаны токсиндерден тазартып, жақсы жұмыс істеуіне атсалысады.


Апельсиннен жасалған шырын

Дәстүрлі шайлар, компоттарды кейде ішкіңіз келмей, өзіңізді экзотикалық ерекше сусынмен қуантқыңыз келеді. Осындай сәттерде мұздатылған апельсиннен шырын дайындасаңыз болады. Бұл сусын ерекше дәмімен ғана емес дәруменге бай құрамымен де ерекшеленеді. Сондықтан да иммундық жүйенің күшті ынталандырушысы болады.


Қажетті өнімдер:

  • 500 гр. қант
  • Қажетінше апельсин
  • лимон қышқылы;
  • 1 л су

Дайындалу тәсілі:

  1. Жемісті жуып тазалап, қабығын аршимыз. Сөйтіп апельсинді қақ ортасынан бөлу керек.
  2. Сосын шырынсыққышқа салып, апельсин шырынын аламыз.
  3. Шырынды тұндырып қою керек.
  4. Шырынды дайындау үшін қант пен суды араластырып аламыз. Сосын отқа қойып қайнатып, 1 л шырынға 200 гр. қосасыз. Екеуін араластырып, отқа қоясыз. Осылайша шырынды 3 минуттай қайнатамыз.
  5. Егер дайын шырынды банкаға жауып алғыңыз келсе, стреилденген банкаларға құйып, сыртынан қайнатасыз. Ал, сол мезетте ішетін жағдайда салқындатып, іше беруге болады.
  6. Мерекелік дастарханға апельсин шырыны көріп беріп, келген қонақтардың көңіл-күйін көтереді. Әсіресе балалар мұндай шырынды сүйсініп ішері сөзсіз.


Киви шырыны


Қажетті өнімдер:

  • 2 стақан кефир
  • 2 стақан апельсин шырыны
  • 1 стақан шабдалы шырыны
  • 2 дана киви
  • 2 дана алма
  • 2 дана апельсин
  • 1 дана банан
  • 1 сабақ азырақ жүзім
  • Бірнеше тал жалбыз
  • Қалауыңызға қарай 1 уыс жидектер (қаражидек, таңқурай, мүкжидек және т.б.)

Дайындалу тәсілі:

  1. Бір күн бұрын жүзімдерді ортасынан бөліп турап, киви, апельсин, алмаларды тіліктеп турап қоясыз. Барлығын бір табаққа салып, қақпағын жабыңыз немесе пленкамен жапсаңыз да болады. Сөйтіп тоңазытқышқа салып қою керек.
  2. Таңертең бананды дөңгелектеп турап, тоңазытқыштағы жемістерге қосыңыз. Осы жемістерге апельсин мен шабдалы шырындарын құясыз. Сосын 1 уыс жидекті салып, араластырып, бокалдарға құйып шығыңыз.
  3. Әрбір стақанға енді кефир құйып шығу керек. Жалбызбен әсемдеп, дастарханға қоя бересіз. Мұндай шырын отбасылық бас қосулардың сәнін келтіріп, тәбетті аша түседі.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Әлемге әйгілі 7 түрлі дәмдеуішті қалай жасайды?


Қырыққабат ТҰЗДАУДЫ білесіз бе?


Өсімдіктердің сүтін ішіп көрдіңіз бе?