Ерекше әрі дәмді манты жасап үйренейік!
Пеште пісетін мантының салмасы да қарапайым емес. Ал қамырын жақсылап илеп, мантыны түйіп, тұздыққа салып пісіресіз.
Қажетті өнімдер:
Қамырына:
- 1 дана жұмыртқа
- 130 мл су
- 375 гр. ұн
- 1 шай қасық тұз
- 2 ас қасық өсімдік майы
Салмасына:
- ½ бас қырыққабат
- 500 гр. фарш
- 2 тіс сарымсақ
- 1 шай қасық кориандр
- Дәміне қарай тұз
- 2 дана пияз
- 1 дана ащы бұрыш
- Ақжелкен
- Қуыру үшін өсімдік майы
Тұздық үшін:
- 400 гр. қызанақ
- 1 шай қасық тұз
- 2 ас қасық өсімдік майы.
Дереккөз: pikabu.ru
Дайындалу тәсілі:
- Ең алдымен қамырды илеп аламыз. Дайын қамырды тағамдық пленкамен орап, 20 минутқа қалдырамыз.
- Пиязды текшелеп турап, майға қуыру керек. Сосын фаршты салып, бірге қуырамыз.
- Қырыққабатты ұзыншалап турап, тұз қосамыз да, қолымызбен мыжғылап сөлін шығарамыз. Артынша қуырмаға қосып, 10-15 минуттай отта ұстаймыз. Осы уақытта қырыққабат жартылай дайын болуы керек.
- Қызанақтарды жуып, ірі үккіштен өткіземіз.
- Қамырды жайып, ортасына салманы саламыз да, мантыны түйеміз.
- Формаға алдымен үккіштен өткізілген қызанақты құйып, тұз саламыз да, 2 ас қасық өсімдік майын құямыз. Сөйтіп қызанақ шырынымен араластырып, мантыларды салу керек.
- Осылайша дайындалған мантының бетін фольга қағазымен джжауып, пешке салып 180-200 градуста пісіреміз. 35-40 минутта мантымыз дайын болады.
Аударған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
ЖАҢА ЖЫЛ: Келе жатқан СИЫР жылында ДАСТАРХАНҒА не қою керек?
Өкпені суықтан қорғайтын шырындар