Шеф-аспаздар ұсынған 12 кеңес

0
5 169

Шеф-аспаздар ұсынған кеңестер асхана ханшайымдарына өте қажет. Тәжірибелі мамандар айтқан пайдалы кеңестерге құлақ түріңіз.


Шеф-аспаздар ұсынған 12 кеңес

фото: budvtemi.com

Қыз-келіншектер үнемі асхана маңайында жүретіндіктен, оларға мынадай кеңестерді біліп алған да артықтық етпейді. Өмірде болсын, асханада болсын бұл кеңестер қажет болады. Ендеше қойын дәптерге түртіп алыңыз, болмаса ойыңызға түйіңіз.

фото: gogetnews.info

  1. Дүкендегі арзан-құрзан заттарға қызықпаңыз. Мұндай қателікті көптеген нәзікжандылар жібереді. Қымбат дүниені сатып алғанша, арзандау екі-үш түрін алайын деп ойлайды. Алайда, базардан немесе дүкеннен тым арзан 10 пышақ сатып алғанша, оның орнын он орап алатын бір мықты пышақ сатып алған дұрыс. Сонымен қатар, әрбір затты сатып аларда ақылмен ойланып шешкен жөн. Ыдыстарға қатысты айтар болсақ, мысалы, аспаздар табаның (сковородка) шойыннан жасалғанын таңдауға кеңес береді. Өйткені мұндай табалар жылуды жақсы таратып, салқынды да жақсы қабылдайды екен. Сондай-ақ, шойын табаға салған тағамыңыз тез қуырылады.
  2. Асханада мына үш заттың болғаны дұрыс. Біріншісі – бұл табаға арналған тор (решетка). Бұл тормен өте пайдалы әрі дәмді тағамдар әзірлеуге болады. Әсіресе диеталық тағамдар жасауға қолайлы. Табаға қарағанда бағасы да арзан. Екіншісі – керамикалық пышақ және көкөніс турағыш. Бұлар азық-түліктермен химиялық реакцияға түспейді әрі көкөністердің бойындағы табиғи заттарын сақтайды. Үшіншісі – пластикалық тақтай. Мұндай тақтайлармен жұмыс істеу оңай. Сонымен қатар, жуылуы да тез.
  3. Қымбат бағалы азық-түліктерден екі-үш түрлі тағам дайындауға болады. Мысалы, балық сатып алдыңыз делік. Оның уылдырығын пайдаға асыруға болады. Сонымен бірге басын тастай салмай, балық сорпасын қайнатыңыз. Балықтың басынан өте дәмді сорпа шығады. Міне, осылайша бір балықтан екі-үш түрлі тағам әзірлейсіз. Бұл да үнемдеудің бір түрі.
  4. Асханада өтпейтін пышақтарды мүлде ұстамаңыз. Себебі, мұндай жағдайда сізге күйіп қалудан қорқудың қажеті жоқ. Өтпес пышақ өткір пышаққа қарағанда өте қауіпті. Сондықтан да ең дұрысы, пышақтарды уақытылы өткірлеп қойған дұрыс. фото: iposuda.ru
  5. Тұздың қаншалықты зиянды екенін біле тұра біз оны көп пайдаланамыз. Егер сіз тұзды тағамға аз қосқыңыз келсе, оның орнын жартылай болса да лимон шырынымен баса аласыз. Тағамға лимон шырынын қосып көріңіз. Дәмі де өзгеріп, асқа ерекше хош иіс сыйлайды.
  6. Сырды дұрыс кесуді үйреніңіз. Егер сыр жұмсақ болса оны кесу де оңайға соқпайды. Сондықтан да пышақты алдымен ыстық суға салып алыңыз да, содан кейін ғана сырды кесе бастаңыз. Мұны сізге білгір шеф-аспаздар айтып отыр.
  7. Стейк әзірлеуді білесіз бе? Ең біріншіден, етті пісірер алдында тұздауға болмайды. Өйткені бұдан кейін ол бойынан көп сұйықтық шығаратын болады. Екіншіден, етті жайпақ табада пісіріңіз. Еттің әрбір бетін 1,5 минуттан қуырады. Содан кейін ғана 200 градусқа қыздырылған пешке салып пісіреді. Міне, соылайша стейк дайындалады. фото: stovesareus.co.uk
  8. Тағы да үнемдеу жайлы айта кетсек. Мысалы, пешке қандай да бір тағамды немесе пирогты пісірерде ойланыңыз. Осы тағаммен бірге тағы не пісіруге болады? Сөйтіп «бір оқпен екі қоянды» атып алуға болады. Ол үшін пісіруге қажетті заттарды алдын ала дайындап, пешке бірден екі тағамды саласыз.
  9. Қарапайым тағамдарды түрлендіріп дайындаңыз. Мәселен, қайнатылған күрішті немесе басқа да дәнді-дақылдардың дәмін аша түсуге болады. Ол үшін қайнатылған күрішті табаға саласыз да, бір қуырып жіберіп, екі жұмыртқа салса, дәмді тағам шығады. Көрінісі де әдемі болып шығады. Тек жұмыртқаны салған соң, тез-тез қозғауды естен шығармаңыз.
  10. Картопты да қуыра білу керек. Ең алдымен картоптың қабығын аршып, тазалап жуыңыз да, қағаз майлықпен кептіріп алыңыз. Содан кейін ғана картопты турап, қуыра берсеңіз болады. Ал, тұзды картоп қуырылып болған соң салған дұрыс. Әйтпесе ол қуырылған картоп емес, бұқтырмаға ұқсап кетуі әбден мүмкін.
  11. Ащы қызыл бұрыш тағамның бұзылуына жол бермейді. Егер түскі асқа дайындаған тағамның біраз бөлігі қалып қоятын болса, оған қызыл бұрыштан жасалған соусты қосып, тоңазытқышқа салып қойыңыз. Сонда тағамның дәмі бұзылмай жақсы сақталады.
  12. Сырдың қалған бөлігін тастауға асықпаңыз. Себебі, сіз бұл азықты ақшаға сатып алдыңыз. Сондықтан да үнемдеуді, ысырап етпеуді үйреніңіз. Сырдың кішкентай бөлігі қалып қойса, оны сорпаға салып жіберсеңіз, хош иісі мұрныңызды жарып, тағамға ерекше дәм береді.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

Жаңа жылдық салаттар мәзірі

Вареник қамырын қалай илейді?

Өз қолыңызбен шұжық жасап көрдіңіз бе?