Ол қандай БАУ?
Бұл сөзді білмейтін қазақ жоқ. Адам өміріндегі қуанышты сәт өмірге сәбидің келуі, ұрпақтың жалғасуы. Осы қуанышты бөлісу үшін ата-ана, ата-әже атанып отырған жандарға құтты болсын айтамыз.
Қазақ халқының дәстүрі мен діні ерте ғасырлардан бері астасып келеді. Дәстүрге сай жаңа туға сәбидің ата-анасына қуанышын бөлісу мақсатында тілегімізді арнаймыз. Дүниеге келген сәби үшін, оның ата-анасы мен жақындары үшін «Бауы берік болсын!» деген ең жақсы тілек.
Осы жасқа жеткенше үлкендерден естігеніміз бойынша, біз де талай жанға сәбиі өмірге келгенде «Бауы берік болсын!» айттық. Бірақ шыны керек, «Бауы берік болсын!» деген сөздің мағынасын аса түсіне бермейтінмін. Мен секілді бұл сөздің түпкі мағынасын біле бермейтін жандарға мұны біліп жүргенннің артықшылығы болмас деп білемін.
Менің түсінігім бойынша жаңа өмірге келген сәбидің әлжуаз, бұғанасы бос болатыны белгілі. Сондықтан, «Бауы берік болсын!» деген сөз «тезірек есейсін, ширасын» деген мақсатта айтылатын шығар деп ұғатынмын.
Бірақ, бұл жақсы тілектің мағынасы қандай екенін мен ешкімнен сұрап көрмеппін. Сұрасам да кім біледі, мен секілді ойлайтын адам көп шығар, әлде өзім де аса мән бермеген болармын.
Бірақ, бұл жақсы тілектің мағынасы қандай екенін мен ешкімнен сұрап көрмеппін. Сұрасам да кім біледі, мен секілді ойлайтын адам көп шығар, әлде өзім де аса мән бермеген болармын.
Бір білсе, көненің көзі әжем жақсы білетін шығар деген ойым болды. Өзім де әлеуметтік желілерден іздедім. Әжемнің де айтуы сол діннен алыстамайды.
Бау деген жіп. Құран Кәрімде де «Алланың жібіне (шариғатына) жақсылап жабысыңдар» деген аят бар. Пайғамбарымыз (с.а.у) бір хадисінде: «Кімде-кім жамағаттан бір қарыс ұзап кетсе, сөзсіз ислам жібін мойынынан шығарып тастаған болады»,- дейді.
Бау, жіп, жүген деген сөздердің түбі бір дейтін болсақ, бұлардың «шариғат жібі», «шариғат бауы» екенін түсінгеніміз.
Ұлы ғұламалар «әрбір адам дүниеге келгенде аспанда жаңа бір жұлдыз жанады» деп айтқан екен.
Осындай әдемі сөздің толықтырып мағынасын ашуда менің танымым кеңейе түсті, басқалар да айтып жүрген жақсы сөздерінің мағынасын толық біліп жүрсе айтқан сөздерінің де шын көңілден шығатыны анық.
Нұр Әлем,